Все публикации с 2013 по 2020 год
доступны по данной ССЫЛКЕ

События

Қазақстанда маркетплейстер тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тексеріледі

Қазақстанда маркетплейстер тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тексеріледі
Фото: Фармацевтическое обозрение Казахстана

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) тіркелмеген, медициналық қолдануға рұқсат етілмеген, адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануына жол бермеу мақсатында іс-шараларының кешенін ұйымдастыру қажеттілігі
туралы хабарлайды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 233-бабы 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.
Осыған байланысты Комитеттің аумақтық бөлімшелері:
- маркетплейстерге мониторниг жүргізу (сатылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға тіркеу куәлігі; 
дәрілік заттарды (дәрілік заттар үшін)бөлшек саудада өткізуге қосымшасы бар фармацевтикалық қызметке лицензия беру; медициналық бұйымдарды (медициналық бұйымдар үшін) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон ұсыну).

- ақпараттық-түсіндіру материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қажет (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар дәріханалдардан ғана алу керек екендігі туралы).
Атқарылған жұмыстар туралы есепті 2025 жылғы 20 тамызға дейін Комитеттің атына жолдау қажет (БАҚ өкілдерінде жарияланған мағлұматтарға сілтемемен қоса).

885 pharmФармацевтическое обозрение Казахстана

Image